
2022 жылдың 29 наурызы аудан прокуратурасының бастамасымен аудан әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімі және ауданның халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен және пробация қызметі өкілдері мен жеке сот орындаушысының қатысуымен аудан орталығындағы мәдениет үйінде бос жұмыс орындары және мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті.
Аталмыш шара аудан тұрғындарының қатысуымен офлайн және онлайн форматында ұйымдастырылып, жәрмеңкеге пробация қызметі есебіндегілермен алимент бойынша борышкерлер қатысты. Жұртшылыққа 7 жұмыс беруші мекемелер тарапынан 62 бос жұмыс орындары ұсынылды.
Жұмыс ұсынушы мекемелер ретінде орталық аурухана, білім бөлімі, жер бөлімі, кәсіпкерлік бөлімі, халыққа қызмет көрсету орталығы мен Алмалы кен орнындағы «Sary –Arka Copper Processing» кәсіпорны өкілдері қатысты.
Жалпы жәрмеңкеге 22 тұлға онлайн, 43 азамат офлайн түрінде оның ішінде пробация қызметі есебінде 13 азамат қатысып, жалпы саны 66 адамға консультативтік кеңес берілді.
Айта кетелік, жұмыспен қамту орталығы тарапынан пробация қызметі есебіндегілермен алимент бойынша борышкерлерге және жастар мен әлеуметтік осал топтағы тұлғаларға 2021-2025 жылдарға арналған "Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жобасы" аясында өз ісін ашып, дамыту үшін 400 АЕК есебіне дейін қайтарымсыз грант алуларына толықтай мүмкіндік бар.
Сонымен қатар, өз еркімен ниет білдірген тұлғалар қысқа мерзімді кәсіптік оқуды тегін оқи алады. Осындай маңызды мағұлматтар мен пайдалы ақпараттарға толы бос жұмыс орындары мен мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі алдағы уақытта ауданға қарасты барлық елді – мекендерде өткізіледі деп жоспарлануда.