
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасау қажеттігін айта келе, жаңа кірген Барыс жылын "Балалар жылы" деп жариялады. Осыған орай Шет ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің тарапынан Шағын футболдан 2010 - 2011 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасындағы Шет ауданының ашық біріншілігі өтті. Жас жеткіншектер керемет ойын өрнегін көрсетті. Жарыс соңында жеңіс тұғырынан көрінген командалар арнайы кубок және медальдармен марапатталды.