
25.03.2022 жылы аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен төтенше жағдайлар жөніндегі комиссия отырысы өткізілді. Комиссия отырысында аудан әкімінің жауапты орынбасары Д.Карсембаевқа, ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Б.Арыстанбековке, ауданның ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысы Д.Смаиловқа елді мекендердің су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын тексеру мақсатында рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру, аудан аумағынан өтетін барлық жолдардың су ағар құбырлары мен көпірлердің қардан таза болуын бақылауға алуын және ауылдық округтер мен кент әкімдеріне су ағар құбырлармен ауыл ішіндегі арықтарды тазалап, инертті материалдарды дайындау үшін тапсырма берілді.