
Бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, су тасқынын алдын алу мақсатында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен танысу үшін, ауданға қарасты С.Сейфуллин кенті, Үңірек, Бұрма, Батық, Ақой, Красная поляна, Қызылқой, Шопа, Нұраталды елді мекендерінде іс-сапарда болды. Сонымен қатар, іс-сапар барысында ауылдық округ және кент әкімдеріне қосымша жасайтын жұмыстарды жүргізіп, дереу қардан тазалауды қажет ететін республикалық, облыстық, аудандық маңыздағы су өткізу құбырлар мен көпірлерді анықтап, ауданның ТКШ, ЖК, АЖ және ТИ бөлімінің басшысы Д.Смаиловпен бірлесіп, тиісті жұмыс жүргізу тапсырылды.