ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗІЛДІ

Халықтың күнделiктi тiршiлiгiнде шешiмiн таппай жүрген мәселелер аз емес. Тұрғындарының түрлi мәселелеріне, олардың шешiлуiне мүмкiндiгiнше ықпал ету мақсатында аудан әкімі М.Мұхтаров азаматтардың жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді.
Аудан басшысының қабылдауына келген тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қабылдауға келгендердің басым көпшілігі жер, үй мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жұмыссыздық және әлеуметтік мәселесімен жүгінді. Қабылдау барысында аудан әкімі әрбір тұрғынның жеке мәселесін тыңдап, бірқатар бөлім басшыларына мәселелерді шешу үшін тиісті тапсырмалар жүктей отырып, заңдылыққа сәйкес жауап берді. Сонымен қатар, әлеуметтік көмек сұраған аудан тұрғынына мүмкіндігінше көмек жасалатынын жеткізді.