
«Бағаны реттеудің қолданыстағы механизмдерінің тиімділігін бағалау керек.
Сондай-ақ бағаларды әкімшілік реттеуден халықтың әлеуметтік осал топтарын адрестік қолдауға көшу үшін ұсыныстар дайындау қажет.
Бағаларды әкімшілік механизмдермен ұстап тұру нарықтық тәсілдерге жатпайтынын білеміз, сондықтан бағаларды тұрақтандырудың басқа да әдістерін қолдану қажет.
Сонымен бірге Жоспар аясында форвардтық жеткізулер жүйесін дамыта отырып, агроөнеркәсіп кешен және сауда субъектілерінің арасында ұзақ мерзімді тұрақты шаруашылық байланыстарды орнату шараларын да қарастыру керек.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде шығарылатын тамақ өнімдерінің сапасы да маңызды орын алады.
Бұл бағытта ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау, тамақ өнімдерін сертификаттау жұмыстарын жетілдірудің маңызы зор.
Сондай-ақ аграрлық ғылымды дамыту қажет.
Ғылыми зерттеу процестерінің интеграциясын, кадр дайындау және ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізуді қамтамасыз ету керек.
Бұл үшін Жоспарда аграрлық университеттер базасында құрамына аграралық ғылыми институттар мен тәжірибелік шаруашылықтарды қоса отырып, зерттеу орталықтарын құру бойынша нақты міндеттерді қарастыру қажет.
Жоспарда көзделген іс-шаралар Өңірлік даму жоспарларында да қамтылуы керек. Облыс әкімдеріне азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты KPI бекітілуі тиіс».
©️ ҚР Премьер-Министрі
Ә. Смайылов