АҚАДЫР КЕНТІ, БОСАҒА ЖӘНЕ АҚСУ – АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІЛЕРІН ӨТКІЗДІ!

АҚАДЫР КЕНТІ, БОСАҒА ЖӘНЕ АҚСУ – АЮЛЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГТЕРІ ӘКІМДЕРІ ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУІЛЕРІН ӨТКІЗДІ!

Кеше Ақадыр кенті, Босаға және Ақсу – Аюлы ауылдық округтерінің әкімдері жергілікті тұрғындар алдында жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттері туралы есептік кездесуін өткізді. Маңызды жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов, аудан әкімінің орынбасарлары Д.Кәрсембаев, М.Жумкин мен сала бөлім басшылары қатысты. Кездесу барысында өткен жылы ауыл игілігіне ауқымды істердің атқарылғандығы көрінді. Сонымен қатар, Ақадыр кентінің тұрғындар тарапынан жайылым жер, ауруханаға күрделі жөндеу жүргізсе деген сынды тағы да басқа жеке мәселелер сұрақтары көтерілді.
Босаға ауылының тұрғындарының басты мәселесі ауыз су және жол болып отыр. Ақсу-Аюлы тұрғындары мал бағыны, жайылым жер, электр тоғының мәселелері сынды сұрақтар қойылды.
Кездесу барысында туындаған мәселелерге сол жерде түсініктеме беріліп, кейбір мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды. Есептік жиын соңында аудан басшысы ауыл тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.