
АЙМАҚ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУДАНЫМЫЗДА!
Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бүгін облыс әкімінің орынбасары С.Шайдаров арнайы іс-сапармен келіп, Ақадыр кентінде болды. Облыс әкімінің орынбасары С.Шайдаров пен аудан әкімі М.Мұхтаров кенттегі Ә.Ермеков мектебінің жанындағы құрылыс жұмыстарымен және 2021 жылы салынған кәріз жұмысымен танысты. Осыдан кейін, кенттегі мәдениет үйінде жергілікті халықпен кездесу өткізіп, жиында аудан басшысы тұрғындарға 2021 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есеп берді. Сондай-ақ, алдағы уақытта атқарылуы тиіс жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, тұрғындар тарапынан түскен ұсыныс пікірлерге жауап беріп, бұл ұсыныс - пікірлер алдағы уақытта бірлесе отырып шешімін табатынын облыс әкімінің орынбасары айта кетті. Есептік кездесуден кейін аймақ басшысының орынбасары кент тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Осыған байланысты іс-шаралар жоспары жасалып, алда атқарылатын жұмыстар жоспарға алынды.