
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың жеке қабылдауында Ақжал кентінің ақсақалдар алқасының төрағасы Серік Қамбарұлы болды. Қабылдау барысында кентте өткір тұрған мәселелер көтеріліп, шешу жолдарын талқылады. Кездесу соңында аудан басшысы С.Қамбарұлына кенттің қоғамдық өміріне белсене араласып жүргеніне алғысын айтып, келе жатқан 75 жылдық мерей тойымен құттықтап, құрмет көрсетті.