
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров мерекеге орай ауданымызда ұзақ жылдар бойы академик Ж.Ақылбаев атындағы мектеп-гимназиясында бастауыш сынып оқушыларына білім нәрін сепкен Светлана Қыбышқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұлағатты ұстаздық еңбек атқарған Манап Қарашолаққызын шуақты көктемнің мерейлі мейрамы 8 - наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, мерекелік сыйлықтар табыстады. Ауданның білім саласының биік деңгейге көтерілуіне қомақты үлестерін қоса білген ардагер ұстаздар да өз кезегінде арнайы құрмет көрсетіп жатқан аудан басшысына ризашылықтарын білдірді.