
Бүгін халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Ақсу-Аюлы ауылында "Сезім" әйелдер орталығы ашылды. Аталмыш шараға аудан әкімінің орынбасары М.Жұмкин, Қарағанды облысы бойынша іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Жангирова, ішкі саясат бөлімінің басшысы Н.Ақымжанов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Г.Ахметова мен өз кәсібін дөңгелетіп жүрген нәзік жандылар қатысты. Сұлулық орталығының лентасын аудан әкімінің орынбасары М.Жұмкин мен Г.Жангирова кесіп, лебіздерін білдірді.
Айта кетейік аталмыш орталық кәсіби биоэнергетикалық массаждар, шаштараз және өзге де қызметтер көрсетеді. Кәсіп иесі Ш.Сәдуақасованың айтуынша дәл осындай қажетті орталықты ашу идеясын құрбысы А.Мадалиевамен бірлесіп шешкендігін және мұндай орталық бүгінгі таңда нәзік жандылар қауымының басты сұранысы екендігін айтады.