Бүгін арнайы жұмыс барысымен аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев пен аудан прокуроры Е.Жаппар ауданымызға қарасты Ақжал кентінде орналасқан тау - кен саласында 1175 адам жұмыс істейтін кәсіпорын "Нова-Цинк" ЖШС-де болып, жұмыс процесімен танысып, зауыттағы біртоп жұмысшылармен кездесті. Кездесу барысында біршама мәселелер талқыланып, кәсіпорын басшыларының назарына алынды. "Нова-Цинк" ЖШС-де жұмыс жағдайы тұрақты.