
Ақжал кентінде "Шайбалы хоккей"ойынынан Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдық мерейтойына орай және Ақжал кенті әкімінің кубогына арналған ашық біріншілік өткізілді.Сайысқа Ақадыр, Сарышаған, Ақжал кентінен екі команда қатысып, бақ сынасты.Шайбалы хоккей жарысының ашылу салтанатында аудандық депутат, "NOVA-Цинк" ЖШС-нің кең байыту фабрикасының басшысы Медет Нокешов, ардагер спортшы Әжібжан Жанасбаев, Жарыстың бас төрешісі Лефорт Жанасбаевтар сөз сөйлеп, сайысқа сәттілік тіледі.Арнайы жарысқа келіп қатысқан Шет ауданының мәдениет тілдерді дамыту және денешынықтыру бөлімінің басшысы Самат Ахмедия спортшыларды жеңістерімен құттықтап, өзінің әкелген сый-сияпатын құттықтап тапсырды. Жарыс қорытындысы бойынша: I-орын Ақжал кентінің екінші командасы, II-орын Ақадыр кентінінің командасы,III-орынды Ақжал кентінің бірінші командасы жеңіс мәресінен көрінді.Жарыс соңында "Үздік шабуылшы" Ақадыр кентінің спортшысы Мұзамеджанов Нұрлыбек,"Үздік қорғаушы" Сарышаған кентінің спортшысы Қыдырманов Талғат, "Үздік қақпашы" Ақжал кентінің спортшылары Қаппасов Рақымжан, "Үздік ойыншы" Рахимов Талғат номинацияармен марапатталды. Жарысқа қатысқан жеңімпаз командалар Диплом, мақтау қағаздарымен кубок, сувинер, медальдармен және ақшалай , естелік сыйлықтар мен марапатталды.Барлық жарыс жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!