АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ!

АУДАН ӘКІМІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП БЕРУІ ӨТТІ!



Бүгін аудандық мәдениет үйінде аудан әкімі М.Мұхтаровтың жыл қорытындысы бойынша аудан тұрғындары алдындағы есеп беру кездесуі өтті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихат депутаттары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, ауыл, кент әкімдері мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан әкімі «2021 жылы ауданның әлеуметтік – экономикалық даму бағдарламасының орындалысы және алда тұрған міндеттер туралы» баяндама жасады. Есептік кездесуде ауданның әр елді мекенінен келген тұрғындар шаруа қожалықтарының жерлерді мақсатсыз пайдалануы, көшелерге асфальт төсеу, қаңғыбас иттерді ату, балалар ойын алаңдарын салу, жарықтандыру, сапалы интернетпен қамтамасыз ету сынды т.б көптеген сұрақтар мен өтініштерін жолдады. Қойылған сұрақтарға аудан әкімі толыққанды жауаптарын беріп, аталмыш мәселелерді жуық арада заңдылықтарға сәйкес шешу жолдарын қарастыруды тиісті басшылар мен әкімдерге тапсырды. Сонымен қатар, есептік кездесуге арнайы келген ауыл ақсақалдары мен белсенді азаматтар атқарылған айшықты жұмыстарға алғыстарын білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тіледі.
Есеп беру кездесуінен кейін аудан әкімі тұрғындармен басқа да мәселелері бойынша жеке қабылдау өткізді.