ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРДІ АҚЖАЛ ЖӘНЕ АҚШАТАУ КЕНТТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ!

ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУЛЕРДІ АҚЖАЛ ЖӘНЕ АҚШАТАУ КЕНТТЕРДІҢ ӘКІМДЕРІ ЖАЛҒАСТЫРДЫ!


Бүгін ауданымызға қарасты Ақжал мен Ақшатау кенттерінің әкімдері дәстүр бойынша кент тұрғындары алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев пен аудандық маслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов және ауданның сала басшылары қатысып, тұрғындар тілегіне құлақ асып, кент тұрғындары медицина, жол, құрылыс жұмыстарына байланысты өтініш, ұсыныстарын жеткізді. Ал, тұрғындардың сауалдарына тиісті сала бөлім басшылары жауап беріп, әдеттегідей кейбір мәселелер жұмыс жоспарына алынды.
Кездесу соңында аудан басшысы кент тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді.