Шет ауданы әкімдігінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Шет ауданы әкімдігінде Ауған соғысы ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.

Ер есімі – елінің мәңгі есінде. Ардагерлерге құрмет көрсетілді.

15 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 33 жыл. Осыған орай, Шет ауданы әкімдігінде ауған соғысы ардагерлеріне арналған салтанатты жиын өтті.
Жиынды Шет ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жумкин жүргізіп, ардагерлерге алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыстады.
Аудан орталығындағы интернационалист-жауынгерлерге арналған ескерткіш обилискіге гүл шоқтарын қою рәсімі жасалды. Алдымен, ауған жерінде Отандық борышын атқарып келген бүгінгі күнде ортамызда жоқ интернационалист жауынгерлерді еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Борышын абыроймен атқарып, сол жолда нағыз ерлерше қаза тапқан, қайран боздақтар есімі мәңгі өшпейді. Себебі, ерлік өлмейді. Уақыт өтіп, сұрапыл соғыс тарихтың бір парағы болып қала береді.
Ерлерге құрмет көрсету, ерліктерін келер ұрпаққа жеткізу, есімдерін ұмытпау – біздің борышымыз.