"Nur Otan" партиясының Шет аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Баданов Бауыржан Аманкелдіұлын тағайындалды.

"Nur Otan" партиясының Шет аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Баданов Бауыржан Аманкелдіұлын тағайындалды.

Бүгін арнайы іс-сапармен ауданға "Nur Otan" партиясының Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Алтынбеков келіп аудан әкімі М.Мұхтаров пен бірге "Nur Otan" партиясының Шет аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары лауазымына Баданов Бауыржан Аманкелдіұлын тағайындап, "Nur Otan" партиясының депутаттарымен кездесті. Сондай-ақ жаңадан тағайындалған бірінші орынбасардың алдағы уақытына біршама міндеттер қойды. Сол жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауына және жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Б.А.Баданов 6 қаңтар 1972 жылы дүниеге келген. 1996 жылдан бастап 24 жыл бойы Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдарында қызмет етті. Оның ішінде 2001 жылдан бастап аудандық жергілікті учаскелік полиция бөлімшесінің бастығы болған, ал 2010 – 2020 аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары болған, полиция подполковнигі. Яғни, ішкі істер органында 19 жыл басшылық лауазымда қызмет атқарған. 2020 жылдан бастап «Сине Мидас Строй» ЖШС-нде ішкі қауіпсіздік қызметінің маманы болған.