
Маңызды кездесулерде аталмыш ауыл әкімдері жыл бойы ел игілігіне атқарылған жұмыстарға тоқталып, алда тұрған мақсат – жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерде аудан әкімі М.Мұхтаров, аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов және ауданның сала басшылары жергілікті әкімдермен бірге тұрғындармен қатысып, көтерілген мәселелерге жауаптарын берді.
Жиын барысында тұрғындар сапалы интернет, малға жайылым жер, медицина қызметкерлерінің қызмет көрсету сапасы, ауылішілік жолдарға асфалт төсеу, ауылды аббаттандыру бағытында бірқатар сұрақтар мен ұсыныстарын жолдады. Айтылған мәселелерге сол жерде түсініктеме беріліп, кейбір мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды. Есептік жиындарда аудан басшысы ауыл тұрғындарына карантин талаптарына байланысты маңызды ақпараттар беріп, тұрғындармен жеке қабылдау өткізді.