Ауа райы өзгеріп, қар жауып, боран болып Қарағанды- Ақсу-Аюлы- Балхаш жолдары жабылуына байланысты Шет ауданының әкімшілігі мен Ақсу-Аюлы әкімдігі жолда тұрған жолаушылардың тамақтанып бір мезгіл тынығуға жағдай жасауда. Ауыл кафелері тәулік бойы үзіліссіз ыстық тамақтануға мүмкіндік жасады. Жатып демалу үшін аудандық спортзалы мен Жанқұтты би мешітінде орын дайындалды.