
Бүгін ауданымызға қарасты Үңірек, Өспен ауылдық округтері мен С.Сейфуллин кенті әкімдері жыл сайынғы дәстүр бойынша тұрғындар алдында есеп беру кездесулерін өткізіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарымен және алдағы жоспарларымен бөлісті. Аталмыш кездесулерде аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев және сала бөлім басшылары тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.
Кездесу барысында жайылым жер алу мен жеке азаматтардың көкейкесті мәселелері де көтеріліп аудан басшысы жеке қабылдау өткізді. Туындаған барлық мәселелерге тиісті жауаптары беріліп, шешілу жолдары түсіндірілді.