
Ауданымызда ауыл, кент әкімдерінің жыл бойы атқарылған жұмыстар мен алдағы мақсат - жоспарлары туралы жергілікті тұрғындар алдындағы есеп беру кездесулері жалғасуда.
Кеше Мойынты кенті мен Киікті ауылдық округінің әкімдері ел алдындағы есептік кездесулерін өткізді. Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов және ауданның сала бөлім басшылары арнайы барып көтерілген мәселелерге жауап берді. Жалпы қос елді мекенде де атқарылған жемісті жұмыстар жетерлік. Алайда, алда шешуін күтіп тұрған жүйелі жоспарларда аз емес екендігі білінді. Ал, жиында көпшілік тарапынан жергілікті елді мекендерде медбикелерін бөлек, дәрігер мамандарының тапшылығы көтерілді. Сонымен бірге, маңызды жиындарда ауылішілік жолдарды жөндеу, кейбір көшелерге жарықшам орнату секілді мәселелер көтеріліп, назарға алынды.
Кездесу соңында аудан басшысы халықпен жеке қабылдау өткізді.