ДӘРИЯ КЕНТІ, К.ПОЛЯНА ЖӘНЕ АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!

ДӘРИЯ КЕНТІ, К.ПОЛЯНА ЖӘНЕ АҚОЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ЕСЕПТІК КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!



Кеше ауданымызға қарасты Дәрия кенті, К.Поляна және Ақой ауылдық округ әкімдері жыл сайынғы дәстүр бойынша ауыл жұртшылығы алдында жыл бойы атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы мақсат - жоспарларымен бөлісті.

Аталмыш кездесулерге аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев пен сала бөлім басшылары қатысты.

Маңызды шараларда Дәрия кентінің тұрғындары ауылдағы су ұңғымасына жөндеу жүргізу және ауылішілік жолға асфальт төсеп беруді өтінсе, К.Поляна ауылдық округінің тұрғындары ауылға жаңа балалар ойын алаңы мен Қарамұрын ауылынан шыға беріс 4 жарым шақырым жолды жөндеп беруді өтінді. Ақой ауылының тұрғындары ауылдағы ФАПқа (фельшерлік – акушерлік пункт) дәрігер маманы мен ескі жедел жәрдем көлігін жөндеп беруді, ауылдағы мал ұрлығы фактілерінің ашылуын қадағалайтын учаскелік полиция жұмысын жандандыруды сұрады. Сонымен қатар, ел үлкендері ұзақ жылдардан бергі көпшіліктің тілегіне ауылдағы абаттандыру жұмыстарының сапалы жүргізілгеніне ризашылықтарын білдірді.
Шарада басқа да сауалдарға тиісті сала бөлім басшылары жауап беріп,кейбір мәселелер жұмыс жоспарына алынды. Кездесу соңында аудан басшысының орынбасары ауыл халқымен жеке қабылдау өткізді. Тұрғындардан түскен сұрақтар бойынша жұмыс жоспары жасалып, алда атқарылатын іс-шара жоспарына алынды.