🏆🏆🏆ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ🏆🏆🏆

🏆🏆🏆ШАЙБАЛЫ ХОККЕЙДЕН АҚАДЫР КЕНТІ ӘКІМІНІҢ КУБОГЫ🏆🏆🏆



Бүгін Ақадыр кентінде Қазақстан Республикасы рәміздерінің 30 жылдығына арналған шайбалы хоккейден Ақадыр кенті әкімінің кубогы өтті. Сайысқа Ақжал, Сарышаған, Ақтоғай және Ақадыр кентінен екі команда, барлығы бес команда қатысты. Шайбалы хоккей жарысының салтанатты ашылу салтанатында кент әкімі А.Әбілдин, Ұлы Отан соғысы және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Алпысбаев, ардагер спортшы Е.Аманбаев сайысқа қатысушы командаларға сәттілік тіледі. Жарыстың барлық шығындарына демеушілік көрсеткен "Тау" шаруа қожалығының жетекшісі, жерлесіміз, жанашыр кәсіпкер Түсіпбеков Канат Қуанышбекұлына барлық ақадырлықтар атынан зор алғысымызды білдіреміз. Сонымен қатар, кентіміздегі теміржол мекемелерінің басшылары да осы шайбалы хоккей жарысына өз үлестерін қосты. Барлығы бес команда арасында өткен тартысты сайыс қорытындысы бойынша жүлделі
I орынды Ақадыр 1 командасы,
II орын Сарышаған,
III орын Ақжал кентінен келген командалар жеңіп алды.
Жарыс соңында кент әкімі бірнеше ардагер спортшыларға Алғыс хат табыстады. Олар: Ербол Жолдыбайұлы, Балкен Серікбайұлы., Мұхтар Тұқанұлы., Жетпіс Теміржанұлы., Мақсат Дайынқұлұлы., Валера Махсутович және Валера Иванович. Сонымен қатар, Сарышаған кентінен Мұқажанов Сағынай "Үздік қақпашы", Ақжал кентінен
Кеңесбек Еркін "Үздік қорғаушы", Ақадыр кентінен
Дюсенбеков Жетпіс "Үздік шабуылшы" және Ақадыр кентінен Қасымбеков Саттар "Ардагер ойыншы" номинацияларымен марапатталды. Жеңімпаз командаларға ақшалай сертификат, кубок, медальдар және сувенирлер табысталып, қатысқан басқа да командаларға естелік сыйлықтар берілді. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз.