ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.

ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ.


Бүгін ауыл, кент әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі Көктіңкөлі, Батық және Бұрма елді мекендерінде жалғасын тапты. Аталмыш кездесуде аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин мен аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов және сала бөлім басшылары қатысты.
Бүгінгі күнде Көктіңкөлі ауылдық округінің Алихан, Жыланды ауылдары, және Көктіңкөлі станциясы тұрғындары таза ауыз су құбырын тартып беруді және ауылдық округтегі фельшерлік – акушерлік амбулаторияны жаңартып беруді өтінді.
Батық ауылының тұрғындары ұзақ жылдардан бері мәдениет үйі нысанын қайта қалыпына келтіруді, сондай – ақ ауыз су, мен медициналық қызмет көрсету орталықтарын қайта жаңартуды шешу жолдары түсіндірілді.
Бұрма ауылындағы кездесуде де көпшілік көкейкесті мәселелерін көлдеңен тартып, ауылдағы медициналық қызмет көрсету жүйесіне көңілі толмайтындарын айтып, кемшіліктерін тізіп өтті. Жұртшылықтың айтуынша ауылға дәрігерлік амбулатория салынса деген ұсыныста айтылды.
Жалпы кездесулерде басқа да мәселелер көтеріліп, кездесу барысында аудан әкімінің орынбасары жеке қабылдау өткізді. Кездесу кезінде түскен ұсыныс-пікірлерге нақты жауаптары беріліп, бірқатар мәселелер алдағы жұмыс жоспарына алынды.