ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ!

ӘКІМДЕРДІҢ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІ БАСТАЛДЫ!

Жыл сайынға дәстүр бойынша биылғы жылы 10 – шы ақпаннан бастап ауданымызға қарасты ауыл, кент, округ әкімдерінің халық алдында есеп беру жиындары басталды.
Аталмыш кездесулерге аудан әкімі М.Мұхтаров пен сала бөлім басшылары қатысуда. Есеп беру барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және келешектегі даму жоспарлары туралы баяндамалар оқылынып, жиынға қатысушы тұрғындардың сұрақтарына жауаптары берілуде.
Есеп беру кездесулері, Ақшоқы, Талды, Нұраталды ауылдарынан бастау алды. Жалпы жұмыс орындалысына қарап әр ауылда 2021 жылы атқарылған істер ауқымды екендігіне көз жеткізесіз. Алайда,ауыл тұрғындары тарапынан кейбір елді мекендерге сапалы интернет орнату, ауылдың ішкі жолдары мен көшелеріне жарықшам орнату, таза ауыз сумен қамтамасыз ету секілді өзекті мәселелер қозғалып жатты. Мәселен, Ақшоқы, Нұраталды ауылының жұртшылығы ауылға сапалы интернет орнатып беруді сұрап отыр. Осыған орай, интернет байланысы аталмыш ауылдарда алдағы жоспарда тұрғандығы, сондай – ақ ауыз су мәселесін шешу жолдары түсіндірілді. Өз кезегінде аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелер жеке бақылауында болатынын жеткізіп, ауыл әкімдеріне ауылдардағы кәсіпкерлік саласын жаңғыртып, ауыл тазалығы мен ажарын алдыңғы кезекке қоюды тапсырды. Есеп беру соңында аудан басшысы халықпен жеке қабылдау өткізіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Осы түскен мәселелер бойынша іс-шара жоспары жасалынып, алда атқарылатын жұмыстар жоспарына алынды.