Ақадыр кентінде «Nur Otan» партиясынан Шет аудандық мәслихатының депутаттары А.Амангельдин мен Д.Болатханның және «Жастар ресурстық орталығының» директоры Қ.Қалижанның қатысуымен кент жастарымен кездесу өтті. Кездесу барысында Ақадыр жастарының ұсыныс-талаптары мен күн тәртібіндегі өзекті мәселелері тыңдалып, тиісті іс-шаралар жоспары жасалып, алда атқарылатын жұмыстар жоспарына еңгізіліп бақылауға алынды!