
Аудан орталығында халықтың көптен бері ойында жүрген кәріз мәселесі талқыланды. Осыған орай, былтырғы жылы ауданның құрылыс бөлімі тарапынан Ақсу – Аюлы ауылына орталықтандырылған кәріз жүйесін тарту және аудан орталығынан жаңадан ықшам ауданға инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысын жүргізуге Талдықорған қаласының «ЖетысуГипроСтрой» ЖШС – і мемлекеттік сатып алу порталында жеңімпаз болып, жобалау – сметалық құжаттарын әзірледі. Осымен екінші мәрте өткелі отырған тыңдалымды аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев ашып жүргізіп, арнайы ЖШС – і директоры С.Бутантаев тұрғындарға жобаның сызбаларын көрсетіп, іске асу жағдайын түсіндірді. Шара барысында аудан тұрғындары кәріз жүйесіне қосылу жолдары, тазалау қондырғалырының механизмі және жаңа ықшам ауданның орналсуы сынды т.б сауалдарын жолдап, өзара пікір алмасты. Келер 2024-2025 жылдары ауыспалы қаражат бөлу түрінде жобаны іске асыру жоспарланып отыр.