ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНАТЫН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНАТЫН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ

Reposted from @shetsk_jkh «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Шет ауданы бойынша №1 филиалы (ЦОН) қызметкерлері аудан әкімінің жеке қабылдауында болып, ғимараттың ішкі температурасы талапты мөлшерге сәйкес еместігі, яғни суық екендігі жөнінде мәселе көтерген болатын.
Осыған байланысты, бөлім мамандары мекемеменің жылу жүйесінің жұмысын тексеріп, нәтижесінде мекеме ғимаратына арнайы энергетикалық сараптама жүргізу қажеттілігі туындады.
Бұл ретте энергетикалық сараптама жүргізу үшін "Энергоэксперт и К" жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім жасап, мамандары шақыртылды.
Энергетикалық сараптама дегеніміз не?
ҒИМАРАТТАРДАҒЫ ЭНЕРГИЯ ТҰТЫНАТЫН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ:
Бұл жұмыста бөлмелердегі өтетін іздестіру жұмыстарының негізгі тәсілдері мен әдістері берілген. Негізгі қоршау конструкцияларын (қабырға, төбелік жабын, еден және т.б.) жылу-техникалық зерттеудің тәсілдері баяндалады. Материалдардың физика-техникалық сипаттарын анықтауға арналған жабдықтар мен аспаптар көрсетіледі.
Ғимараттарда энергетикалық зерттеулер жүргізудің әдістеріне басты көңіл бөлінеді - қоршау конструкцияларының жылу-техникалық сипаттарын анықтауға, инженерлік жүйелер мен олардың тиімділігін техника-экономикалық салыстыру жолдары көрсетіледі. Мұндай жұмыстар ғимаратты күрделі жөндеуден өткізгенде аз шығынмен дұрыс техникалық шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Энергияны үнемдеу сараптамасы нысанның энергияны үнемдеудегі дәрежесі мен ұсыныстардың нақтылығын анықтау үшін жасалады.
Кез-келген ғимаратта энергияны үнемдеу мүмкіндігін анықтауды ғимарат туралы техникалық мәліметтер жинағаннан бастаған дұрыс.
Энергияны үнемдеу сараптамасын жүргізгенде бөлме ауасының температурасы, желдету жүйесіндегі ауа мөлшері, желдету жүйесінің өнімділігі және т.с.с. неғұрлым маңызды параметрлер өлшеніп, ғимаратты зерттеудің жоспары жасалады.
Зерттеу жұмыстары ғимараттың қоршаулары мен инженерлік жүйелерінде, яғни жылыту, желдету, ыстық сумен қамту, жарық беру және т.б. энегрияны үнемдеу мүмкіндіктерін анықтайды.
Сонымен қатар, ғимараттағы сорғы мен желдеткіш құрылғыларының техникалық деңгейі, ғимаратты пайдалану тәртіптері анықталады