
Бүгін аудан әкімінің жұмыс іс – сапары Ақшатау кентінде жалғасты.
Кент тұрғындарымен өткізілген кездесу ашық диалог форматында өткізіліп, тұрғындардың барлық сұрақтарына жауаптары алынды. Бұған қоса кездесуге келген бөлім басшылары өздеріне тиесілі саласы бойынша проблемалық сұрақтардын қазіргі таңдағы жағдайын түсіндіріп, шешілу жолдарын айтты. Тұрғындар айтқан ұсыныс – пікірлер бойынша іс-шаралар жоспары жасалып, алда атқарылатын жұмыстар жоспарына енгізілді. Кездесу соңында тұрғындардың жеке мәселелерімен қабылдау өткізілді.