
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров Бұрма ауылына арнайы іс - сапарымен барды. Ауылдың су құбыры желілерін қайта жаңарту жұмысы бойынша «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС-нің өкілі ауыл тұрғындарымен кездесіп, жаңадан тартылатын су жүйесінің жобасымен таныстырды.
Сонымен қатар, аудан басшысы округтің өзекті мәселелерін және жиналған тұрғындардың ұсыныс пікірлерін талқылап, алда атқарылатын жұмыстардың іс - шаралар жоспарына енгізді.
Кездесу соңында кейбір тұрғындардың мәселелері бойынша жеке қабылдау ұйымдастырылды.