«30 ЖЫЛҒА БЕТТЕП ҚАДАМ БАСҚАН НЫҚ, БАБАЛАРДЫҢ АРМАНЫСЫҢ БОСТАНДЫҚ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ!

«30 ЖЫЛҒА БЕТТЕП ҚАДАМ БАСҚАН НЫҚ, БАБАЛАРДЫҢ АРМАНЫСЫҢ БОСТАНДЫҚ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ!

«30 ЖЫЛҒА БЕТТЕП ҚАДАМ БАСҚАН НЫҚ, БАБАЛАРДЫҢ АРМАНЫСЫҢ БОСТАНДЫҚ» АТТЫ АУДАНДЫҚ ЖЫР МҮШАЙРАСЫ ӨТТІ!
Бүгін аудандық мәдениет үйінде орталық кітапхана мен жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен ел Тәуелсіздігінің 30, дауылпаз ақын Қ.Аманжоловтың 110 жылдық мерейтойларына арналған «30 жылға беттеп қадам басқан нық, бабалардың арманысың бостандық» атты аудандық ақындар мүшайрасы өтті. Аталмыш жыр додасына аудан аумағынан 15 – 29 жас аралығындағы 13 жас қаламгер ақындар арнайы келіп қатысып, тәуелсіздік, Қасым ақынға және еркін тақырыптағы шығармаларын көпшілік алдында мәнерлеп оқыды.
Өлең өлкесіне қаз басып қанат қағып, жауқазындай жайнаған жастардың жауһар жырларына белгілі ақын Т.Амандықұлы, ҚР Журналистер Одағының мүшесі «Шет шұғыласы» газетінің редакторы М.Сәдуақасов, орталық кітапхана директоры М.Нурпеисова мен Жастар ресурстық орталығының директоры Қ,Қалижан қазылық етіп, жеңімпаздарды диплом, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтармен және қаржылай сыйақылармен марапаттады. Нақтырақ айтқанда жастық жырларын өлең бәйгесіне қосқан жас қаламгерлер Қ.Баймолдина, Н.Қазбек, Т.Мейіржан, З.Әбдуәли, Ж.Амандық, Е.Нығымет, Ж.Жұмашевалар арнайы алғыс хаттармен естелік сыйлықтарға ие болса, жүлделі ІІІ орын мен 20 мың теңге көлеміндегі сыйақымен Ы.Алтынсарин атындағы тірек мектебінің оқушысы Т.Ибраев пен Нұраталды орта мектебінің оқушысы З.Әбдуәли, 30 мың теңге және ІІ орынды Төменгі Қайрақты ауылдық округінің ақыны А.Болатов пен Ақжал кентінен келген ақын қыз Ж.Әлімқұл өзара бөлісті. Жарыстың 40 мың теңгесі мен 1 орыны С.Сейфуллин кентінен келген А.Бексарыға бұйырса, бас бәйге мен 60 мың теңгенің қаржылай сыйлығын Бұрма ауылынан келген ақын Н.Сейіт еншіледі. Шара барысында әнші Д.Молдабеков әсем әндерін орындап, жас ақындар ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіре тарқасты.