
Кеше аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин Қазақстан Республикасы Тәуілсіздігінің 30 жылдығы мерей тойына орай полиция саласының ардагері, көп жылдар ауданымызда жауапты қызметтер атқарған белгілі ағамыз, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Қалиақпаров Қайыржан Қалиақпарұлын Шет ауданының құрметті азаматы атағын сондай-ақ аудан әкімі М.Мұхтаровтын және аудандық Мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұловтың аттарынан арнайы дипломын тапсырды.
Ардагер ағамызды Тәуелсіздік күнімен құттықтап, ел дамуына айрықша үлесін қосқаны үшін алғысын білдірді. Марапаттау рәсімінен кейін Қайыржан ағамыз өзінің отбасының атынан аудан басшылығына алғысын білдіріп елге үлкен сәлемін жолдады.