
ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН СПОРТ ШЕБЕРІ М.ЖОЛДАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН АШЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ!
Бүгін аудандық жасөспірімдер мен спорт мектебінде 2007- 2008 жылы туылған кіші жасөспірімдер арасында қазақ күресінен ашық турнир өтті.
Дүбірлі дода Қазақ КСРО және Қазақстан Республикасының спорт шебері,ауданымыздың тумасы Жолданов Марат Бекетұлын еске алуға арнап ұйымдастырылды.
Аталмыш шараның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Р.Рысқалиұлы арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйледі.Сонымен қатар марқұмның замандас аға бауырлары жылы лебіздерін білдірді. Осыдан кейін өңіріміздің әр түкпірінен келген 9 құрама өзара балуандары боз кілемде бақсынасып, жеңімпаздар арнайы медалдармен бағалы сыйлықтармен марапатталды.