ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!

ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ!
Бүгін Тәуелсіздік күніне орай, аудандық мәдениет үйінде «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» атты салтанатты іс – шара өтті. Шара барысында аудан әкімі М.Мұхтаров барша тұрғындарды ел тәуелсіздігінің ордалы отыз жылдық мерейтойымен құттықтап, егемендік жылдары қол жеткізген толағай табыстарға тоқталып, аудан көлемінде қажырлы қызмет атқарып жүрген бір топ еңбек ардагерлері мен түрлі лауазым иелеріне ел Президентінің Жарлығы бойынша дайындалған «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалін табыстады. Салтанатты жиында аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының «Құрмет грамотасымен» және аудандық мәслихат депутаты Г.Түсіпова «Алғыс хатымен», облыстық мәслихат депутаты, Х.Әбітаева «Нұр Отан» партиясының «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, Ж.Аманжолов «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының «Құрмет грамотасымен», мемлекеттік қызмет ардагері, күйші Е.Жәнібеков облыс әкімінің «Құрмет» грамотасымен, С.Қаратаева Нұр Отан» партиясының Қарағанды облыстық филиалының «Алғыс хатымен» марапатталды. Осыдан кейін аудан басшысы мен аудандық мәслихат хатшысы ұзақ жылдар бойы түрлі жауапты салаларда жемісті қызмет жасап, ауданнның дамуына үлестерін қосқан жерлестеріміз, еңбек ардагерлері Б.Хамзин мен С.Алибаевқа, спорт саласының дамуына үлесін қосқан әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Д.Оспанов, ішкі істер органдары сапында жемісті еңбек етіп сала кадрларын дайындау бағытында еңбек сіңірген полиция генерал- майоры М.Қызылов, ауылшаруашылық саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек сіңірген Ө.Торғаевтарға Қарағанды облысы аудандық Мәслихаттың шешіміне сәйкес, Шет ауданының Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, шырайлы шарада аудан әкімінің орынбасарлары Д.Кәрсембаев пен Р.Рысқалиұлы бір топ қызметкерлерге аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» мен «Алғыс хаттарын» табыстап, аудандық «Үздік маман иегерлері» байқауының номинация иегерлері марапатталды. Күмбірлеген күй мен әуелеген әндер шырқалынып, аудандық мәдениет үйі өнерпаздары ұйымдастырған театрланған көрініс көрсетіліп, жиылған қауым алғыс білдірді.