
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ!
Бүгін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, аудандық мәдениет үйінде білім беру саласының қызметкерлері бас қосқан салтанатты жиын өтті. Жиын барысында жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келе жатқан "Жыл мұғалімі" байқауының аудандық кезеңдегі жүлдегерлері мен қатысушылары қаржылай сертификаттар мен түрлі номинацияларға ие болды. Аталмыш марапаттарды аудан әкімі М.Мұхтаров табыстап, қажырлы да құрметті қызмет атқарып жүрген білім саласының қызметкерлерін келе жатқан ел егемендігінің торқалы тойымен құттықтап, алдағы еңбектеріне табыс тіледі.
Осыдан кейін, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Е.Смағұл ұзақ жылдар бойы ауданымыздың білім саласында абыройлы қызмет атқарып келе жатқан аға буын ұстаздарын «Шет ауданы білім саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапаттады. Шара барысында С.Мұхамеджанов атындағы балалар өнер мектебінің шәкірттерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жиналған көрермендерге ұсынылды.