Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздағы көпбалалы отбасылармен кездесу өткізді.

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздағы көпбалалы отбасылармен кездесу өткізді.

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздағы көпбалалы отбасылармен кездесу өткізді. Аталмыш шараға «Асыл ана 2020» қоғамдық қорының төрайымы А.Байдельдинова арнайы келіп қатысты. Кездесу барысында қоғамдық қор тарапынан ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, 40 көп балалы отбасыларына азық-түлік жиынтығы мен киім кешектер берілді. Сонымен қатар, аталмыш қор төрайымы аудан басшысына «Асыл Аналар алғысы» төс белгісін салтанатты түрде табыстады. Алқалы жиында көпбалалы отбасыларды қолдау, олардың өтініштеріне құлақ асу мақсатында қоғамдық қордың қабылдау бөліміне арнайы орын бөлу туралы мәселесі де көтеріліп, жиын барысында оң шешімін тапты. Осыдан кейін, аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин мен қор төрайымының қатысуымен аудандағы көп балалы отбасыларына арналған (психологиялық, заңдылықтарды түсіндіру басқа да қызметтер бойынша) «Асыл ана 2020» қоғамдық қорының қоғамдық қабылдау бөлімінің ашылуы болды. Мерекеге орай, арнайы көңіл бөліп, көмек көрсетіп жатқан отбасылар қоғамдық қор төрайымына шынайы алғыстары мен ыстық ықыластарын жеткізді.