АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫР КЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!

АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫР КЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!

АУДАН ӘКІМІ АҚАДЫР КЕНТІНДЕ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ!
Бүгін ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен келелі кездесу өтті. Аталмыш кездесуге әкім орынбасарлары мен аудандық мәслихат депутаттары, сала бөлім басшылары мен Ақадыр кәсіпкерлер ассоциациясы мен жерігілікті тұрғындар қатысты. Емін – еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу барысында кенттегі күн тәртібінде тұрған көкейкесті мәселелер көтеріліп, олардың шешу жолдары талқыланды. Сонымен қатар, аталмыш ассоциация мүшелері мен кент тұрғындары әкімдік өкілдерімен бірлесе түйткілді мәселелердің оң шешімін табу үшін әріптестік тығыз қарым – қатынас орнатып, межелі жұмыстарды кезең – кезеңімен жоспарлы түрде іске асыру туралы айтылды. Тағы бір айта кетерлігі, отырыс барысында кент келбетін арттыруға және тұрғындар игілігіне арналған айшықты істерге жергілікті қоғамдастық өкілдері арқылы қоғамдық бақылау жасау мәселесі де тілге тиек етілді. Өз кезегінде аудан басшысы әр салаға байланысты айтылған ұтымды ұсыныстарды алдағы жұмыс жоспарына алып, сұраныс тудырып отырған қажеттіліктерге баса назар аударылатынын жеткізді.@mukhit_mukhtarov @daurenkuralovich @azamat_abildin1