
Бүгін С.Сейфуллин атындағы кентте Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай волейболдан ересектер арасында кентімізге еңбегі сіңген Жолшаринов Ғазиз бен Шырымбеков Манат ағаларымызды еске алуға арналған біріншілік өтті.
Ерлер арасындағы ұйымдастырылған жарыста кентімізден жасақталған 9 құрама команда бақтарын сынады. Жарысқа аудан әкімінің орынбасары М.Жумкин, кент әкімі А.Балғабек, ағаларымыздың туған- туыстары, балалары, достары қатысты. Ұзақ жылдар бойы қызметтес, ауылдас болған марқұм ағаларымызды сағынышпен еске алды.
Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Мақсат Жумкин ағаларымыздың жасаған ісін еске алып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Шараны ағаларымыздың ұлдары Жолшаринов Айдос пен Шырымбеков Айбат ұйымдастырып, ізін жалғастыруда.
Шара соңы ауылымыздың мектеп оқушыларының мерекелік концертіне ұласты.