Турнирдің ашылу салтанаты

Турнирдің ашылу салтанаты

Бүгін ауданымызға қарасты Ақадыр кентінде ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойына орай, қазақ елінің тәуелсіздігі үшін күрескен, тарихи тұлға, орта жүз құрамындағы Арғын тайпасынан шыққан Кәрсөн Бекназарұлы Таңыбай батырдың жүлдесі үшін балалар мен жасөспірімдер арасындағы бокстан ашық турнирдін ашылу салтанаты өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы қатысып, ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.Осыдан кейін, аудан әкімі кент тұрғындарымен жеке қабылдау өткізді. Өз кезегінде тұрғындар көкейкесті сұрақтарын айтып, кейбір мәселелер қабылдау барысында шешімін тапса,басқа да өтініштер алдағы жұмыс жоспарына алынды.