БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ!

БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ!

БАСПАНА КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ!
Бүгін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында аудандық мәдениет үйінде жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсімі өтті. Аталмыш шараға жергілікті әкімдік өкілдері мен тұрғын үй алушы көпбалалы, жетім және әлеуметтік осал топтар санаттарындағы отбасылар мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан әкімі М.Мұхтаров барша тұрғындарды ел егемендігінің 30 жылдық тойымен құттықтап «2019 жылғы «Nur Otan» партиясының съезінде Елбасы көпбалалы отбасыларға айрықша көңіл бөлуді айтып, «Нұрлы жер бағдарламасы аясында жеке санат ашуды тапсырған болатын. Осыған орай, ауданымызда көптеген отбасыларға ІІ нарықтан үй алынып, биылғы жылдың өзінде аудан аумағындағы 19 отбасыға ІІ нарықтан үй сатып берілді. Бүгінгі күні берілген І нарықтағы 14 үйдің кілті де сол бастамалардың жарасымды жалғасы деп білемін» деп баспана иелерін қоныс тойларымен құттықтап, кілттерін салтанатты түрде табыстады.
Осыдан кейін, аудандық мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлов та баспана иелеріне жылы лебізін білдіріп, байыпты бағдарлама аясында ауқымды жұмыстарды атқарып жатқан аудан әкімдігіне тұрғындар атынан алғысын айтып, мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын таба беретінін жеткізді.
Жиналған қауым да баспана иелеріне құтты болсын айтып, мерекелік концерт ұсынған аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарымен бірге шынайы қошеметін көрсетті.