Өз ісін ашуға миллион: Ауданымыздың 2 жас кәсіпкері Қарағанды облысы әкімінің грантына ие болды.

Өз ісін ашуға миллион: Ауданымыздың 2 жас кәсіпкері Қарағанды облысы әкімінің грантына ие болды.

Өз ісін ашуға миллион: Ауданымыздың 2 жас кәсіпкері Қарағанды облысы әкімінің грантына ие болды.

Облыс әкімі Ж.Қасымбек істі жаңа бастаған кәсіпкерлерге өз ісін ашуға және дамытуға арналған гранттарын жыл сайын табыстайды. Бұл қайтарымсыз қаражатты иеленуді және өз кәсібін ашуды ниет еткен ауданымыздың жастары бизнес - жобаларын ұсынып, конкурсқа қатысады. Айта кететін болсақ облыс әкімінің грантын ауданымыздан 2 жас кәсіпкер иеленді. Олар Ахметбекова Мадина Карибайқызы - «Lacadem» репетиторлық орталығын кеңейту және Қажыкей Мұхаммедали Қанатұлы - "Ешкі өсіретін шағын ферма" ашу жобалары қолдау тауып отыр.
2021 жылғы 30 қарашада Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін қолдауға және дамытуға арналған гранттарын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
Облыс әкімі Ж.М. Қасымбек ең қызықты бизнес-жобалардың 10 авторымен кездесіп, 1 млн. теңгеден сертификаттар тапсырды. Мерекелер қарсаңында 90 грант алушы қала және аудан әкімдерімен марапатталады.
Жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттар беру тәжірибесі 2005 жылдан бастап жүзеге асырылуда. 2020 жылы грант сомасы 10 есеге ұлғайды, жалпы бюджет 100 млн.теңгені құрады.
Ағымдағы жылы грант алуға барлық өңірлерден 306 бизнес-жоба келіп түсті - 178 қаладан, 128 ауданнан.
Комиссия шешімі бойынша 100 грант алушы анықталды - қалалардан 59, аудандардан 41.
Жобалардың басым бөлігі әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсету, тамақ өнімдерін өндіру және ұсақ-тұрмыстық өндіріс салаларында жүзеге асырылатын болады.
Барлық грант иегерлерін құттықтаймыз және бастап жатқан жұмыстарына табыс пен береке тілейміз.