
2021 жылы Шет ауданының құрылыс бөлімі тарапынан Ақсу-Аюлы ауылына жаңа ықшам ауданының инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы және орталықтандырылған кәріз жүйесін тартуға жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу бойынша мемлекеттік сатып алу порталында ашық конкурс берілген болатын. Мемлекеттік сатып алу Заңдылығына сәйкес конкурста Талдықорған қаласының «ЖетысуГипроСтрой» ЖШС-і жеңімпаз атанды. Келісім –шартқа ағымдағы жылдың тамыз айында отырып, жобалардың ауқымдылығына байланысты тапсыру уақыты 7 – ай мерзімді қамтиды. Қазіргі таңда жобалаушылар тарапынан алдын ала сызбалары талқыланды. Аталған жоба аудан тарихында бұрын –соңды болмаған, ауқымды көлеміне және орындау қиындығына байланысты бұл жобаны ауыл тұрғындарымен талқылау қажеттігі туындайды. Жобада тұрғын үйлер мен әлеуметтік, кәсіпкерлік және мемлекеттік мекемелердің орталық кәріз жүйесіне қосылу мүмкіндігі толығымен қамту көзделген. Осыған байланысты 2022 жылдың 14 қаңтар күні сағат 11-00 де аудандық мәдениет үйінің акт залында Ақсу-Аюлы ауылының тұрғындарымен қоғамдық тыңдалым өткізіледі.
Шет ауданының құрылыс бөлімі