1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.

Бүгін алда келе жатқан 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, аудандық мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті.
Аталмыш жиында аудан әкімі М.Мұхтаров аудан тұрғындарын келе жатқан мемлекеттік мереке 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Аудан экономикасының дамуына үлестерін қосып және мінсіз еңбек етіп жүрген сала қызметкерлерін аудан әкімінің "Құрмет грамотасы" мен "Алғыс хаттарымен" марапаттады. Сонымен қатар, Ақадыр кентіндегі Ю.Гагарин мектебінің директорына ауданның білім бөлімі тарапынан алынған "Газель" автокөлігінің кілті табысталды. Шара барысында аудандық "Нұр Отан" партиясының филиалы төрағасының бірінші орынбасарының міндетін атқарушы С.Қаратаева партияның жаңа мүшелеріне партиялық билеттерін табыстады.
Марапаттау рәсімінен кейін мәдениет саласының қызметкерлері мен өнер мектебі шәкірттерінің қатысуымен ұйымдастырылған концерттік бағдарлама жиналған көрермендердің көңілінен шықты.