
ФЕРМЕРЛЕРМЕН КЕЛЕЛІ КЕЗДЕСУ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ!
Бүгін аудан әкімдігінде Қазақстан фермерлер одағы қауымдастығының Президенті Ж.Дайрабаевтың қатысуымен алқалы жиын өтті. Жиынға аудан әкімі М.Мұхтаров бастаған әкімдік өкілдері мен мекеме басшылары және ауданымыздағы фермерлер арнайы шақырылып, қатысты. Күн тәртібі бойынша бүгінгі таңда ауылшаруашылығында жүзеге асырылып жатқан реформалар тақырыбында маңызды ақпараттар айтылып, жиынға қатысушы фермерлер тарапынан жүн өткізу, тері илейтін заводтар ашу,мал жайылымы мен шөп тапшылығын жою сынды сұрақтар қойылды. Өз кезегінде Ж.Дайрабаев фермерлер тарапынан қойылған сұрақтарға толыққанды жауабын беріп, кейбір мәселелердің шешу жолдарын айтып өтті. Шара соңында ауыл азаматтары өздеріне арнайы келіп, ауылшаруашылығын дамыту бойынша қажетті ақпарат жеткізген Ж.Дайрабаев пен әкімдік өкілдеріне алғыстарын білдірді.