Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен Төменгі Қайрақты ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен Төменгі Қайрақты ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді.

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров арнайы жұмыс барысымен Төменгі Қайрақты ауылына барып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында осы уақытқа дейін Төменгі Қайрақты ауылының әкімі қызметін атқарып, бүгінде басқа лауазымға тағайындалған Д.Жакупов ауыл халқына өзінің еңбек еткен жылдарындағы атқарылған жұмыстар туралы есебін берді. Ауыл әкімінің баяндамасында көрсетілгендей кейінгі жылдары ауыл ішілік жолдар жаңартылып, балаларға арналған ойын-сауық кешендері оның ішінде футбол алаңы салынған екен. Сондай – ақ, ауыл саябағы жөндеуден өтіп, электр желісі жаңарып, ауылдағы Қ.Нұржанов, Жәнібек, Деріпсалы және М.Әуезов атындағы көшелерге жарықшамдар орнатылған. Жиын соңында жергілікті тұрғындар өз қызметін ел игілігіне бағыттай білген Д.Жакуповқа алғыстарын білдіріп, аудан әкіміне алдағы уақытта шешілуі тиіс мәселелер бойынша өтініштерін жолдады. Өз кезегінде аудан басшысы ауыл тұрғындары көтерген мәселелердің заңды шешімін табуы және жеке бақылауында болатынын жеткізді.