ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ!
Елімізде қазан айының соңғы жексенбісі әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұқара қауымды әлеуметтік тұрғыдан жан-жақты қорғауда, мұқтаж жандарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда аталмыш сала мамандарының орны айрықша маңызға ие.
Осыған орай, бүгін аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев аудан орталығындағы бір топ әлеуметтік сала мамандарын арнайы қабылдап, кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар, осы салада жемісті еңбек етіп жүрген М.Мұхаділова, Б.Жөлеуова, Н.Донғұловтарға аудан әкімінің «Құрмет» грамотасын және Ж.Қайратқызы, С.Талғатқызы,
Р. Есейқызы, Ә.Өмірбайқыздарына аудан әкімінің "Алғыс хаттарын" салтанатты түрде табыстады.
Аталмыш шарада марапат иелері өздерін арнайы елеп,ескеріп,құрмет көрсетіп жатқан азаматтарға алғысын білдірді!