Ауданымыздың спортшылары Ел мерейін үстем етті

Ауданымыздың спортшылары Ел мерейін үстем етті

Жуырда Португалия елінің Лиссабон қаласында дзюдодан ардагерлер арасында байрақты бәсеке өткен болатын. Барлық ел көз тіккен, әлем жұртшылығының назарында болған бәсекеде, ел намысын қорғап, жоғары деңгейде өнер көрсеткен бірқатар спортшыларды аудан әкімі М.Мұхтаров ерекше ықыласпен қарсы алып, жылы лебізін білдірді. Атап айтатын болсақ Самалбек Саябекұлы, Болат Хамитұлы және Қанат Амантайұлы ардагерлер арасындағы сайыста бақтарын сынап, ерекше көзге түсті. Өз кезегінде Самалбек Саябекұлы қола медальді жеңіп алып, ауданымыздың атын шығарып, ел мерейін үстем етті. Жиын барысында Аудандық Мәслихат хатшысы Б.Төлеуқұлұлы спортшыларды жеңістерімен құттықтап, алдағы уақытта толағай табыстар тіледі.