Жерлес жас спортшымыз Алдияр Каргулов қола медалға ие болды

Жерлес жас спортшымыз Алдияр Каргулов қола медалға ие болды

Құрметті жерлестер! Жақында Грекияның Салоники атты қаласында самбо күресінен жастар арасында өткен әлем чемпионатында жерлес жас спортшымыз Алдияр Каргулов топ жарып, қола медалға ие болған болатын. Осыған орай бүгін Алдияр бауырымызды арнайы шақырып, аудан әкімі Мұхит Сайлауұлы жеңісімен құттықтап, 300 мың теңгенің қаржылай сертификатын табыстап отыр. Жалпы қазақ күресінен Қазақстан чемпионы, бірнеше республикалық байрақты бәсекелердің жеңімпазы Алдияр балуанның болашағынан аса зор үміт күтеміз. Осы орайда, ауданымыздағы жас спортшыларымыздың дайындалуына, спорттық нысандардың материалдық – техникалық базасының нығаюына айрықша көңіл аударылып отырғандығын және алдағы уақытта спортшы жастарымызды әркез қолдауға дайын екенімізді жеткізгім келеді. Алдияр секілді жастарымыздың жеңістері көбейіп, ауданымыздың абыройы асқақтай беруіне тілектеспін!