Спортшыны құттықтау

Спортшыны құттықтау

2021 жылдың 28-29 тамыз күндері әлемнің 12 елдерінің (Болгария, Ресей, Греция, Израиль, Қазақстан, Кипр, Корея, Молдава, Румыния, Сербия, Өзбекстан, Украина) спортшылары арасында Кипр елінің, Ларнак қаласында жағажай самбодан жарыс өтті. Осы жарыста ауданымыздың тумасы Бейімбет Қайратұлы Қанжанов 58 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды. Осыған орай аудан әкімі М.Мухтаров жеңімпазбен кездесіп, бұданда жоғары белестерді бағындыруына тілектестік білдіріп сый-сыяпат жасады.