"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

"МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ" БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Шет ауданы әкімінің орынбасары Д.Карсембаев пен кент әкімі А.Әбілдин "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының жеңімпаздары Ыдрысовтар отбасын жүлделі орын алуларымен құттықтап қайтты. Аудан әкімінің орынбасары Шет ауданының әкімі М.Мұхтаровтың Құттықтау хаты мен естелік сыйлығын отбасы мүшелеріне табыстады. Отбасының асыл қазыналары, шаңырақ көтергендеріне 54 жыл болған Мұрат ата мен Жамал апа арнайы құттықтап келген аудан басшылығы мен кент әкіміне өз алғыстарын білдіріп, баталарын берді.